Жаңбыр, қар және -3°С-қа дейінгі үсік: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы бұзылады

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 14:29 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері қазақстандықтарды алдағы демалыс күндеріне дайындап, 2025 жылғы 20, 21 және 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды.

Белгілі болғандай, жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін.

"Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 20 қыркүйекке қараған түні жауын-шашын – жаңбыр мен қар күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, түнгі және таңғы уақыттарда ел аумағында тұман болжанып отыр.

Мамандардың айтуынша, температуралық фон бойынша күрт өзгерістер мен ауытқулар күтілмейді.

"Алайда республиканың солтүстік бөлігінде түнгі уақытта -1-3°С-қа дейін үсік болуы ықтимал", – деп атап өтті "Қазгидромет" РМК.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатыны туралы ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: