Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 15:32 Фото: unsplash
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 19 қыркүйек күнгі екінші жартысында қалада күтілетін жауын-шашын туралы ескерту таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметіне сүйенген департамент бүгін, 19 қыркүйекте Алматыда кей жерлерде күшті, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін екенін хабарлады.

Тұрғындарға берілген ұсыныстар:

  • Тауларға шығудан бас тарту
  • Электр желілерінің бүтіндігін бақылау
  • Көлікті ағаштар астына қоймау
  • Әлсіз бекітілген құрылыстардың жанында тұрмау – жарақат алу қаупі бар

Туристерге ерекше ескерту жасалды: таулы аймаққа сапарлар мен серуендерді ауа райы тұрақталғанша кейінге қалдырған дұрыс.

"Кешкі сағаттарға дейін тауда тұрмаңыздар – қайту жолын жоғалту қаупі бар", – деп қосты ТЖД.

Синоптиктер мәліметінше, 20–22 қыркүйек күндері Алматыда жауын-шашын күтілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: