Талдықорғанда құтқарушылар газ құбырындағы зақымданудан болған өртті сөндірді

Талдықорғанда құтқарушылар газ құбырындағы зақымданудан болған өртті сөндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 19:49 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Талдықорған қаласында Газ-53 жүк көлігі қоршауға соғылып, газ магистральдық желісін зақымдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, қызыл жалын салдарынан көліктің кабинасы 5 шаршы метр және шаруашылық құрылыстың шатыры 4 шаршы метр аумақта жанды. Зақымданған құбырдан газдың ашық жалынмен жануы байқалды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігін еске салады!

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Павлодарда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жеті адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: