Алматыда әлеуметтік желілерде күн сайын үй мен ақша ойнатқан автор жазаланды

Социальные сети, социальная сеть, приложение, приложения, телефон, мобильный интернет, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 20:18 Фото: unsplash
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі "Justking31" аккаунтына қатысты заңсыз лотерея қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

Материалдарды қарау барысында аталған парақшада Алматы қаласындағы екі қабатты үйді ұтысқа тігу, сондай-ақ ақшалай қаражат пен смартфондарды ойнату іс-шаралары күн сайын өткізілгені анықталды. Бұл ретте азаматтарға ұтыс ойынына қатысу үшін Oilan Lab ЖШС-іне тиесілі 29 990 теңгелік оқу курстарын сатып алу қажет болған. Жеңімпаздар "Поле чудес" жабдығы арқылы кездейсоқ әдіспен таңдалған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 803-бабына сәйкес, "Justking31" аккаунт иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабының алтыншы бөлігі бойынша (лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Аталған факт бойынша істі Комитет қарап, 300 АЕК көлемінде айыппұл салды. Істі қарау барысында аккаунт иесі кінәсін толық мойындап, айыппұл төледі.

Бұған дейін Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: