Ақмола облысында полиция ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді құрықтады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 21:17 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында полицейлер қысқа мерзімде облыс аумағында жасалған ұрлықтың екі фактісін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, 16 қыркүйекте Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын оның пәтерінен алтын бұйымдар ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 600 мың теңгені құрады.

Келесі күні, 17 қыркүйекте Астрахан ауданының полиция бөліміне осыған ұқсас өтініш келіп түсті, онда ауылдардың бірінің тұрғынынан белгісіз адамдар үйге еркін кіріп, екі жұп сырға ұрлап кетті. Залал 200 мың теңгеге бағаланды.

"Екі жағдайда да полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді анықтап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жеке мүліктін ұрланбауы үшін үйден шықпас бұрын әрқашан есіктер мен терезелердің жабық екенін тексеріңіз",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, полиция ауладағы немесе кіреберістегі барлық күдікті адамдар туралы дереу полицияға хабарлауды ескертті.

"Үлкен сомалар мен бағалы әшекейлерді көзге көрінетін жерде сақтамаңыз, мүмкін болса, техникалық қорғаныс құралдарын қолданыңыз".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыдағы дәмханада әдепсіз әрекет жасаған бойжеткен ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: