Алматыдағы дәмханада әдепсіз әрекет жасаған бойжеткен ұсталды
Фото: pxhere
Алматы қаласында полиция қызметкерлері дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын анықтады.
Бойжеткен өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Аталған дерек бойынша "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы Атырау қаласында ұсталды. Түсініктемесінде ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция ескертеді: айналаға және Заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейді. Қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлық – "Заң және Тәртіп" қағидатының негізі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript