АҚШ-тан жолданған сәлемдеме: Алматыда полицейлер есірткі жеткізу әрекетіне тосқауыл қойды

Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесін қалаға жеткізу әрекетін әшкерелеп, оның жолын кесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 09:04 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесін қалаға жеткізу әрекетін әшкерелеп, оның жолын кесті.

Сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының айтарлықтай мөлшері табылды.

Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Бұл — жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз.

"Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы — жұмысымыздың басты қағидаларының бірі", — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: