Қазақстан 2025 жылғы өнімді қай елдерге экспорттауды жоспарлауда

Зеленый базар, рынок, крупы, злаки, крупа, зерновые, каши, зерновые культуры, зерновая продукция, зерновой продукт , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 14:15 Фото: Zakon.kz
23 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы өнімді өткізу схемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты өсім көрсетіп отыр – бұл өсім егін шаруашылығында да, мал шаруашылығында да байқалады.

"Егін шаруашылығы бойынша ақшалай мәнде өсім 51%-ды құрады. Негізгі өсім дәстүрлі өнімдер бойынша байқалды: бидай – 56%, күнбағыс майы – 76%, мал азығы – 152%, арпа – 94% және зығыр тұқымы – 60%. Мал шаруашылығында өсім 27% болды", – деді Арман Шаққалиев.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы стратегиялық бағдар – ТМД және Қытай секілді дәстүрлі нарықтарды кеңейту, сондай-ақ Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның болашағы бар нарықтарына шығу.

Осы мақсатта биыл ЕАЭО мен БАӘ және Моңғолия арасында еркін сауда туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ ЕАЭО мен Индонезия арасында еркін сауда келісімін жасасу жоспарланып отыр.

"Қазіргі таңда 2026-2028 жылдарға арналған май-тоң май өнеркәсібін дамыту жол картасы әзірленуде. Мақсат – майлы дақылдар секторын жаңа деңгейге көтеру, өндірісті арттырып, қуаттарды толық жүктеу. 2028 жылға қарай бұл салада жылдық айналымды 1 миллиард доллардан асырып, Қазақстанды күнбағыс майын жеткізетін әлемдегі үш ірі елдің қатарына енгізу жоспарланып отыр", – деді Сауда министрі.

Бұған дейін Атырау облысында ірі қара малға белгісіз бір індет келгенін жазғанбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: