Сауда министрлігі сиыр еті бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 23 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, тамыз айының басынан бері көкөніс тобы бойынша (картоп, сәбіз, пияз) баға өсімі орта есеппен 2,5 есе төмендеген.
"Сүт өнімдері тобы жыл басынан бері шамамен 5,7%-ға ғана қымбаттады. Бұл өсім, негізінен, өзіндік құнның артуымен байланысты. Ал тұз, жұмыртқа, картоп пен күнбағыс майы бойынша отандық өндірушілермен жыл соңына дейін бағаны тұрақты ұстау туралы меморандумдарға қол қойылды. Макарон, ұн мен күріш бойынша баға индексі кері бағытта", – деді Арман Шаққалиев.
Алайда, баға индексінің өсіміне ең көп үлесті сиыр еті қосқан.
"Соңғы бірнеше жылда сиыр еті бағасы ұстап тұрылды, дегенмен жыл сайынғы тарифтердің өсуіне қарамастан, баға ең қолжетімді деңгейде қалды. Бұл көрші елдерде жоғары сұранысқа ие болғандықтан, экспорттық тартымдылығын арттырды", – деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, ішкі нарықты етпен қамтамасыз ету мақсатында 15 мамырдан бастап тірі ірі қара малды экспорттауға тыйым салынды. Сонымен қатар, ет экспортына қатысты ветеринарлық бақылауды күшейту және сиыр етін тек ет өңдейтін кәсіпорындар арқылы экспорттауға арналған квота енгізу туралы ұсыныстар қолдау тапты.
"Бұдан бөлек, ірі сауда желілерімен фермерлерден ет жеткізуді қамтамасыз ету бойынша келісім жасалды. Ішкі нарық қажеттілігін Ауыл шаруашылығы министрлігі қамтамасыз етеді. Ал делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия жұмысы аясында пайдасыз делдалдар анықталып, олардың әрекеті жойылуда", – деді Сауда министрі Арман Шаққалиев.
Бұған дейін Атырау облысында ірі қара малға белгісіз бір індет келгенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript