Атырау облысында ірі қара малға белгісіз бір індет келді

Корова, коровы, крупный рогатый скот, скотоводство, фермерское хозяйство, животноводство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 13:55 Фото: primeminister.kz
Атырау облысында сиырлар сеспей қатып жатыр. Ақкиізтоғай ауылының тұрғындары адал баққан малының өлексесін өрістен жинап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, бір күн ішінде ондаған бас ірі қара арам өлген. Бәрінің іші кеуіп кеткен. Кейбірін мал иелері сойып көрген. Сөйтсе, өті жарылып, өкпесі қарайып, ішек-қарны іріп кеткен көрінеді. Тұрғындар Жем өзенінің арнасын кеңейтіп, шлюз сала басталғалы мал қырыла бастады дейді. Себебі құрылысшылар жерасты суын шығаратын фильтр құрылғысын орнатыпты. Дәл содан шыққан суды ішкен мал жаппай қырылып жатқан көрінеді. Ал ветеринарлар сол судан да, малдан да сынамалар алып, зертханаға жіберген. Әзірге улану деп болжап отыр.

"Өлген малдардан сынамалар алынып, Атырау облысы ветеринария зертханасына улануға қарсы және аса қауіпті ауру анықтауға қарсы зерттеуге жіберіліп отыр. Зерттеу нәтижесі шыққаннан кейін қосымша тағы да хабарлаймыз".Бекарыс Меңдіқұлов, Атырау облысы ауылшаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бас маманы

Бұған дейін Алматыда ішінде балалар отырған Lexus көлігі автобус аялдамасына соғылғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: