Атырау облысында қарақұрт қаптады

Атырау облысында қарақұрт қаптады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 12:33 Сурет: pixabay, pexels
Атырау облысында улы жәндіктер аула ішінде, қоғамдық орындарда, тіпті саябақтарда да құжынап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" ақпаратынша, қарақұрттан әсіресе Индер ауданының тұрғындары қауіптеніп отыр. Өйткені соңғы үш жылда бұл жәндік өңірде тым көбейіп кеткен. Тұрғындар малдан бұрын бала-шағаны шағып ала ма деп қорқады. Мәселен, былтыр улы жәндік шаққан жүздеген төрт түлік арам қатқан. Тіпті адамдар да зиян шеккен көрінеді. Әйтеуір дер кезінде дәрігерге көрініп, аман қалған.

Индер ауданы әкімдігі қарақұртпен күреске бюджеттен қаражат қарастырылмаған дейді. Өйткені бұл улы өрмекшілер зиянкестер қатарына жатпайды екен.

"Индер аудан әкімдігі тарапынан қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестерге тіркеу шарасының қабылдануына ұсыныс жолданды. Қазір қолданыстағы заңға сәйкес, қарақұртпен күрес үшін бюджет есебінен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен ошақтарын жою, дезинфекциялау жүргізіліп жатыр". Айболат Сансызбаев, Индер ауданы әкімдігінің аппарат басшысы

Бұған дейін Шымкентте Қошқар ата өзені ластанып бара жатқандығы жайлы жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: