Атырау облысында 16 адамды қарақұрт шаққан

Атырау облысында 16 адамды қарақұрт шаққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 12:48 Сурет: pixabay
Атырау облысында қарақұрт қаптап барады. Осы уақытқа дейін 16 адам зардап шеккен.

Жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен 6 адамның үшеуі - бала. Өрмекшінің бұл түрі қауіпті.

Әсіресе Индер, Құрманғазы аудандарында жағдай ушығып тұр.

Ауруханаға түскен тұрғындардың барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен улы жәндіктен ірі қара да зардап шегіп жатыр. Қарақұрт шаққан 180 бас түйе шығын болды.

"Жер үйде тұратын адамдар бар. Оларға шарбақтарын тазалағанада дене терісін толықтай жабатындай етіп киініп, қолғап киіп тазалауды ұсынамыз. Онан кейін сыртта аяқ киімдері болатын болса, немесе, тыстан үйге келгенде киімдерін қарап, оған қарақұрт енген жоқ па, соларға мән беріп, қарауларын ұсынамыз." Руслан Қайыржанов, дәрігер-эпидемиолог
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: