Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2023 15:20 Сурет: gov.kz
Қызылорда облысында Премьер-министрдің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талқылауға мүдделі орталық, облыстық мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Кеңес вице-премьердің өңірге жұмыс сапары аясында өтті.

Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков форвардтық сатып алудың жаңа тетіктері туралы  баяндады. Атап айтқанда, форвардтық шарттар жасау мүмкіндігі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімін кеңейту туралы сөз болды. Тізім қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн және қантпен толықтырылды.

Вице-министр күріш, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы бойынша күзгі егін шикізатын сатып алу үшін өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыруды жүзеге асыру ұсынылатынын түсіндірді. Осы мақсатқа ӘКК қаражаты бағытталуы мүмкін.

Бұл бағдарламаға сауда желілерінің орнына көбірек өндірушілерді тарту және делдалдарды алып тастау үшін үлгілік қағидаларда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70% бағыты бойынша талаптар белгіленген.

"Осылайша, ағымдағы мемлекеттік қолдау шараларымен қатар форвардтық сатып алу тетігі фермерлерге  болашақта жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуге және өз өнімдерін кепілдікпен сатуға мүмкіндік береді", деп атап өтті Ербол Тасжүреков.

Жалпы, АӨК-ті мемлекеттік қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл саланы субсидиялауға 400 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, мемлекет бірқатар тауар топтарын өндіруге кететін шығындарды арзандатады, деп толықтырды вице-министр.

Айта кетейік, вице-премьер Қызылорда облысына сапары аясында өңірдің агросектор нысандарына барған болатын.   Делегация күріш өндіретін кәсіпорындар, наубайханалар мен су шаруашылығы нысандарында барды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: