Жаңалықтар тізбегі
0

Жұманғарин нарыққа шығарылатын көкөністердің көлемін ұлғайтуды тапсырды

Серік Жұманғарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2023 17:17 Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 4 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел кеңес өтті.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Жұманғарин алдыңғы аптада көкөністерге бағаның өсу қарқыны бәсеңдегенімен, тұрақтамағанын атап көрсетті, яғни тұрақтандыру қорларынан нарыққа шығарылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көлемі әлі де жеткіліксіз болып отыр.

"Әкімдіктерге қорды қоймаларда ұстамай,  көкөністерді сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын". Серік Жұманғарин

Кеңес барысында Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков айтуынша, бүгінде өңірлердің деректері бойынша айналымға 56,2 мың тонна көкөніс жіберілді. 

Бүгінде 18,4 мың тонна көкөніс, оның ішінде пияз - 4,9 мың тонна, қырыққабат - 2,8 мың тонна, картоп – 7,0 мың тонна, сәбіз – 3,6 мың тонна сатылды. Өткен аптада сәбіз бағасы – 0,6%-ға, қарақұмық – 0,5%-ға, қант – 0,3%-ға, күнбағыс майы және тауық еті – 0,2%-ға төмендеді.

Сонымен бірге Айдар Әбілдабеков делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы хабардар етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматы мен Шымкентте комиссиялар тиімді жұмыс істеп келеді.

Кейінгі аптада Атырау облысында өңірлік комиссия "Атырау ПробСнаб" ЖШС-мен сары майдың көтерме бағасын 60%-ға төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қостанай облысында ірі өндірушілермен өңірдің ірі супермаркеттеріне тікелей жеткізу туралы шарттар жасалды, нәтижесінде делдалдар алынып тасталды. Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізушілерді талдау барысында сауалнама арқылы қырыққабатты сататын өнімсіз делдал анықталды. Қазір мұнда көкөністерді тікелей жеткізу шартын бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: