Жамбыл облысындағы резонансты оқиғалар: облыстың бас полицейі қызметінен босатылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің (ПД) бастығы Бақытжан Малыбаевтың қызметінен босатылғаны белгілі болды., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 14:30 Сурет: gov.kz
Жамбыл облысы Полиция департаментінің (ПД) бастығы Бақытжан Малыбаевтың қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 23 қыркүйекте әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты Қазақстанның Ішкі істер министрлігі растады.


"Сіздің сұрауыңызға жауап ретінде хабарлаймыз: Жамбыл облысы ПД-ның бұрынғы бастығы Малыбаев Б. А. берген рапортына сәйкес ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарып отырған қызметінен босатылды", – делінген ведомство түсініктемесінде.

Малыбаевтың отставкаға рапорт жазғаны 2025 жылғы 3 қыркүйекте белгілі болған. Бұған Жамбыл облысы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының ұсталғаны себеп болған.

Әлеуметтік желілерде облыстың бас полицейінің жұмыстан кетуін балалар мен жасөспірімдерге қатысты бірқатар резонансты оқиғалармен де байланыстырды.

1 қыркүйекте Таразда мектеп оқушысы өлтірілді.

9 қыркүйекте мектеп-интернаттың дәретханасында ұлдар топтасып қызға қорлық көрсеткені жария болды.

15 қыркүйекте мектеп оқушылары арасындағы жанжалдың соңы тоғызыншы сынып оқушысының өлімімен аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: