Жамбыл облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Бұл туралы ақпарат 2025 жылғы 6 қазанда белгілі болды., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 13:06 Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Жамбыл облысында Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат 2025 жылғы 6 қазанда белгілі болды.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды", – делінген хабарламада.

Қайсар Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ ол Ішкі істер министрлігінің тыл департаментін басқарған, ал 2023 жылдың наурызынан бастап ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болды.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Полиция департаментінде соңғы айларда бірқатар даулы оқиғалар мен кадрлық өзгерістер орын алған еді.

Тамыз айында облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды. Осы оқиғадан кейін ведомство басшысы Бақытжан Малыбаев отставкаға өтініш беріп, ІІМ министрі оның отставкасын қабылдаған.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Малыбаевтың қызметінен кетуі өңірде балалар мен жасөспірімдерге қатысты бірқатар қайғылы оқиғалармен байланысты екені жазылды.

Мәселен, 1 қыркүйекте Таразда оқушы өлтірілді, 9 қыркүйекте мектеп-интернатта ұлдар қызды дәретханада топпен қорлағаны, ал 15 қыркүйекте дәретханада болған оқушылар арасындағы жанжалдың салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: