Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 18:45 Сурет: Facebook/Ерлан Омарбеков
Шенді лауазымға алдында Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы болған Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысының активіне және Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов таныстырды.


Ерлан Омарбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 18:45

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі


Айта кетсек, 6 сағат бұрын Ерлан Омарбеков жұмысының ауысуына байланысты Қостанай облысы ПД басшысы қызметінен босатылғанын желіде жазған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: