Павлодар – Қызылорда тасжолында адамға лық толы жеңіл көлік өртеніп кетті

Павлодар – Қызылорда тасжолында адамға лық толы жеңіл көлік өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 17:10 Сурет: видео скрині
Павлодар облысында 2025 жылғы 23 қыркүйекте қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полицияның алдын ала мәліметінше, Байет ауылынан 5 шақырым жерде Toyota Lucida жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, арақашықтықты ескермей, Sitrak жүк көлігіне соқтығысқан.

Соқтығысқаннан кейін жеңіл көлік өртке оранған. Оның жүргізушісі мен төрт жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 19 қыркүйекте Павлодарда автобус пен Lada соқтығысып, салдарынан жетеуі зардап шекті, олардың төртеуі – балалар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: