Тараздағы жантүршігерлік жол апаты: жеңіл көлік автобус бен жүк вагоны арасында "мыжылып" қалды

2025 жылдың 4 мамырында Таразда жантүршігерлік жол апаты болды. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты кезінде жолаушылар автобусы, жүк көлігі және жеңіл автомобиль соқтығысқан. Онымен қоса, жеңіл көлік вагон мен қоғамдық көліктің арасында "мыжылып" қалып кеткен.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар екі жолаушыны мыжылған жеңіл автокөліктен алып шығуға мәжбүр болды. Олар бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі апат салдарынан кісі өлімі болмағанын нақтылады.
"Жол-көлік оқиғасы Бурыл станциясының жеке кірме жолында (Тараз – Жаңатас учаскесі) орын алды. Mercedes жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережелерін бұзып, жүк вагондарымен соқтығысқан", - деді баспасөз қызметі.
Бұған дейін түнде көлігімен жарысқан екеу Алматыда жаппай жол апатына түрткі болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript