Жетісу облысындағы жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Жетісу облысында жантүршігерлік апаттың видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 2024 жылғы 14 мамырда Алматы – Өскемен тас жолында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Автордың айтуынша, жеңіл көлік әскери жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан бір қыз көз жұмды.
"14 мамырда Алматы – Өскемен тас жолымен (270-шақырым) келе жатқан КамАЗ жүргізушісі бұрылыста оң жақ шеткі жолақтан маневр жасағанда "Мазда 626" көлігімен соқтығысқан". Жетісу облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі
Полицейлер соқтығыс салдарынан Mazda көлігіндегі жолаушының қаза тапқанын растады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript