Қар, жаңбыр мен тұман: Қазақстанды 24 қыркүйекте ауа райы қандай болады
Сурет: pixabay
Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 24 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, елдің тек батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады. Онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер жаңбыр мен найзағай әкеледі, ал шығыс пен оңтүстік-шығыста – нөсер жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, түнгі сағаттарда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Республика бойынша желдің күшейіп, еліміздің оңтүстігінде – шаңды дауыл, ал оңтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі бар:
- жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында;
- төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript