25 маусымға арналған ауа райы болжамы: Жаңбыр, бұршақ жауады, тұман түседі

Синоптиктер 2023 жылы 25 маусымда, жексенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, бүкіл ел аумағында жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнап, қатты жауын-шашын түседі, тек республикамыздың оңтүстік-батысында күн ашық болады.
"Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында, шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, оңтүстікте, шығыста, орталықта дауыл тұрады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Синоптиктер ескертеді:
- төтенше өрт қаупі - Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарында;
- өрт қаупі жоғары - Жетісу, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында сақталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript