Жаңбыр жауады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 11:59 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 16-18 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты. Елімізде оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.«Қазгидромет» РМК

Ведомствоның мәліметінше, демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонының екпіні республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуына әсер етеді.

Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Ауа температурасы:

күндіз батыста +30...+40°С;

солтүстік-батыста +25...+40°С;

оңтүстік-батысында +36...+45°С;

оңтүстікте +33...+42°С;

оңтүстік-шығыста +20...+35°С;

солтүстікте +24...+33°С-тан +20...+30°С-қа дейін төмендеуі;

орталықта - +27...+38°С-тан +23...+33°С-қа дейін;

шығыста - +21...+33°С-тан +16...+28°С-қа дейін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: