Семейде ертең сабақтар онлайн өтеді
Сурет: akorda.kz
Семей қаласының барлық мектеп оқушылары 24 қыркүйекте қашықтан оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы білім басқармасының хабарлауынша, бұл күні қалада су құбырларына дезинфекциялау жұмыстары жоспарланған.
Осыған байланысты мектептерде дәстүрлі сабақ өткізілмей, барлығы онлайн форматқа ауыстырылады.
"Екі ауысымда оқитын оқушылар да бір күн бойы қашықтан білім алады", - делінген ресми мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаңа оқу жылы басталғалы бері қылмыскерлер балаларға қоңырау шалып, өзін мұғалім ретінде таныстырып жатқанын ескерткен еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript