Қызылордалық оқушылар ертең сабақты онлайн оқиды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 21:35 Сурет: pexels
3 ақпанда Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы күндері Қызылорда қаласында ауа-райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты қалалық білім бөлімі 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтықтан оқытылатынын хабарлады.

"Қалада ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11 сынып оқушылары 3 ақпанда қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қызылорда облысы бойынша филиалының ұсынған дерегіне сүйенсек, Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады" делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, синоптиктер 3 ақпанда Қызылорда мен Түркістан облыстарында ауа райы күрт нашарлап, қар аралас жаңбыр жауатынын, көктайғақ, тұман болуы ықтимал екенін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: