9 ақпанда Атырау облысында бастауыш сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 21:50 Сурет: pexels
9 ақпанда Атырау облысында бастауыш сынып оқушылары сабақты онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ертең, 9 ақпаннан бастап Атырау қаласы мен аудандардағы мектептердің 5-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері оффлайн режимде оқиды. Ал, 0-4 сынып оқушылары сабақты онлайн форматында жалғастырады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 8 ақпанда Атырауда қалың қар жауып, бірқатар қиындықтар туындады. Қала маңына қатынайтын бес автобус жолға шықпады. Қаланың бір бөлігінде жарық сөніп қалды. Көшеде кептеліс орнады. Сондай-ақ 4 күн бұрын, яғни 3-4 ақпанда күн райының күрт бұзылуына байланысты Атырау облысының оқушылары сабақты онлайн оқуға мәжбүр болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: