Астанада, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Сурет: unsplash
Оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты үйден оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы әкімдігінің білім басқармалары мен Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті аязға байланысты оқушыларды үйден оқуға көшіру туралы хабарлама таратты.
"2023 жылғы 10 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің бірінші ауысымдағы 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшті". Астана қаласы білім басқармасы және СҚО төтенше жағдайлар департаменті
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының оқушылары қашықтан оқыту форматқа көшірілді.
Глубоковский және Күршім аудандарының мектептерінде сабақ тоқтатылып, балалар үйден оқып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript