Өскемен оқушылары тұмшаға байланысты онлайн оқуға көшірілді
Сурет: Zakon.kz
Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
YK-news.kz жазуынша, 2026 жылғы 16 ақпанда қаладағы барлық мектеп оқушысы үйден оқитын болды.
"Ертең 0-11-сынып оқушыларының екі ауысымы да үйден оқиды. Мұндай шешім екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қабылданды", – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript