Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді
Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
14-21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл өтетін біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шебері, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
14 қазанда жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді.
Салмақ дәрежелері:
- Ерлер: 50 келіге дейін, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары.
- Әйелдер: 48 келіге дейін, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі және 80 келіден жоғары.
Чемпионатты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Бұған дейін Қазақстан семсерлесуден "Мықтылар турнирінде" үш алтын медаль жеңіп алғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript