Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.
Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript