Тоқаев Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Сурет: akorda.kz
Ақордадағы ресми қабылдаудан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқаев бұл сапардың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
"Аса құрметті Никол Воваевич, Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Екі елдің стратегиялық серіктестік деңгейіндегі қарым-қатынасының дамуына үлкен серпін береді деп сенеміз. Бұл – Қазақстанға алғашқы сапарыңыз. Шын мәнінде, қазақ халқы Армения жұртына, тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне зор құрметпен қарайды. Сапар барысында бірқатар маңызды келісімге қол қойылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Никол Пашинян Қазақстанға шақыру мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтты:
"Аса құрметті Президент мырза, мені Қазақстанға ресми сапармен шақырып, Астанада қонақжайлық танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Бұл сапар біздің екіжақты қарым-қатынасымызға тың серпін береді. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Сіздің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарыңыздан бастау алды. Соның нәтижесінде маңызды келісімдерге қол қойылды. Оның кейбірі жүзеге асырылды, қалған бөлігі орындалу үстінде. Қазақстанға ресми сапармен келу – мен үшін зор мәртебе!", – деді Никол Пашинян.
Никол Пашинян ресми сапармен Астанаға кеше, 2025 жылғы 20 қарашада келді. Әуежайда оны Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
2025 жылғы 21 қарашада Армения Премьер-министрі Instagram желісінде қар басқан Астананың фонында видео жариялап, дәстүрлі жүрек белгісін көрсетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript