"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы инвестициялық жобаларға қадағалау күшейтілді

Морской порт Актау, транспортный коридор, перевозка грузов, каспийский порт, морской торговый порт, торговля, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 16:13 Фото: primeminister.kz
ҚР Президентінің еркін экономикалық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударғанын ескеріп, Маңғыстау облысының прокуратурасы "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға ерекше бақылау жүргізуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері АЭА аумағында жалпы құны 40 млрд теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 13 инвестордың құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар құқықтық сүйемелдеу барысында өңір үшін маңызды болып табылатын ірі көкөніс сақтау қоймасы мен құбыр зауыты құрылысына қатысты екі инвестордың жобаларды жалғастырудан бас тарту фактілері тіркелді.

Жұмыс орындарын құру мен әлеуметтік-экономикалық әсерді сақтау және мерзімдердің бұзылуына жол бермеу мақсатында прокуратура АЭА басшылығымен бірлесе отырып, жобаларды аяқтау жөніндегі міндеттемелерді басқа инвесторларға беру рәсімін жүргізді.

Прокуратураның кешенді жұмысының және уәкілетті органдармен өзара іс-қимылының нәтижесінде "Ақтау теңіз порты" АЭА қызмет ету мерзімі 2052 жылға дейін ұзартылып, ұзақ мерзімді инвестицияларға қосымша кепілдіктер жасалып, өңірдің инвестициялық тартымдылығы нығайтылды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету және еркін экономикалық аймақтың тұрақты дамуына жәрдемдесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: