Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Күнсұлу Закария  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 17:21 Сурет: akorda.kz
Күнсұлу Закария Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады: 

"Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды".

Күнсұлу Закарья 1967 жылдың 2 шілдесінде Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген. 

1989 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (химия-биология мамандығы) бітірген.

1995 жылы Алматыда кандидаттық диссертациясын қорғаған, 2002 жылы Мәскеуде биологиялық ғылымдар бойынша докторлық қорғаған. 

Ол QazVac (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеушілердің бірі. 

2022 жылғы тамызда QazBioPharm ұлттық холдингінің бас директоры болып тағайындалған. 

2024 жылғы 22 қаңтарға дейін Президент кеңесшісі (ғылым және инновациялар жөнінде),

2023 жылғы 12 сәуір мен 2024 жылғы 22 қаңтарға дейін Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметін атқарған. 

Ғылыми қызметі барысында 230-дан астам ғылыми жарияланымдары, бірнеше монографиялары мен патенттері бар. 

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Қанат ШарлапаевтыТамара ДүйсенованыЕрнар Баспаевты қызметінен босатқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: