Алматыда Аманжол көшесіндегі оқиға үшін мердігер жауапқа тартылды
Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі 16 қыркүйек күні Аманжол көшесінде болған төтенше жағдайға қатысты түсінік берді. Сол күні жауын-шашын салдарынан асфальт опырылып, 13 көлік шұңқырға түсіп кеткен еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала құрылысы бақылау басқармасының хабарлауынша, Сайын, Шаляпин, Яссауи және Жандосов көшелерінің аумағында инженерлік желілерді тартумен айналысқан "СпецСтрой Групп ЛТД" ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
Нәтижесінде мердігер тарапынан бірқатар заңбұзушылықтар анықталды:
- траншеялардың қия беткейлері бекітілмеген;
- дымқыл топырақ қабаттап нығыздалмай қайта көмілген;
- кей учаскелерде жер асты сулары толып қалған;
- инертті материал төселмегендіктен, топырақтың тығыздығы талапқа сай болмаған.
Салдарынан жауын-шашын кезінде жол жабындысы отырып, терең шұңқырлар пайда болған.
Мердігер ұйым әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді 2025 жылдың 8 қазанына дейін жою туралы нұсқама берілді.
"Егер белгіленген мерзімде талаптар орындалмаса, іс сотқа жолданып, заң аясында процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript