Алматыда Аманжол көшесіндегі шұңқыр үшін мердігер әкімшілік жауапқа тартылды

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 11:37 Фото: Zakon.kz
Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы Саин, Шаляпин, Яссауи және Жандосов көшелерінің аумағында инженерлік желілерді жүргізіп жатқан мердігер ұйымға қатысты жоспардан тыс тексерістің нәтижесін хабарлады.

Тексеріс барысында "СпецСтрой Групп ЛТД" ЖШС бірқатар құрылыс нормасын бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, траншеялардың қия беткейлері бекітілмеген, жергілікті дымқыл топырақ қабаттап нығыздалмастан қайта көміліп, кейбір учаскелерде траншеяға жер асты сулары толып қалған.

Аманжол және өзге де көшелерде инертті материал төселмегендіктен, топырақтың тығыздалу деңгейі талапқа сай болмай шықты. Соның салдарынан жауын-шашын кезінде жол жабындысы отырып, терең шұңқырлар пайда болды.

Қала құрылысы бақылау басқармасы мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді 2025 жылы 8 қазанға дейін жою жөнінде нұсқама берді. Егер белгіленген мерзімде талаптар орындалмаса, іс сотқа жолданып, заң аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: