Алматыда жолдағы ақауларға байланысты техникалық қадағалау компаниясы аккредиттеу куәлігінен айырылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысында асфальттың опырылуынан кейін Қала құрылысын бақылау басқармасы Достық шағынауданындағы инженерлік желілер нысандарына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында техникалық қадағалау жұмыстарын атқарған "Алатау сапа құрылыс" ЖШС өз міндеттерін тиісінше орындамағаны анықталып, оған әкімшілік шара қолданылды. Нәтижесінде компания аккредиттеу құқығынан айырылды.
Сондай-ақ, жобалық шешімдерден ауытқып, құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді бұзған "СПЕЦКОММУНСТРОЙ" ЖШС ұйымына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқарма мәліметінше, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына бақылау күшейтілген. Бұған дейін Әбіш Кекілбайұлы көшесінде кәріз желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген AsiaMax құрылыс компаниясы да лицензиясынан айырылған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript