Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Autograph ТҮК құрылысында бұзушылықтар анықталды

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Жамақаев көшесі бойында салынып жатқан тұрғын үй кешеніне жоспардан тыс тексеру жүргізілгені туралы хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2024 16:25 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Жамакаев көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жобадан ауытқығаны туралы хабарлады.

Атап айтқанда, "Benta" ЖШС тапсырыс берушісі Autograph ТҮК қабаттылық нормасын бұзған. Эскиздік жобаға сәйкес, нысан 3 қабат + техникалық қабаттан тұруы керек. Алайда қазір кешеннің оңтүстік-батыс жағында 4 қабат, солтүстік-шығыс жағында 3 қабат бар. Сонымен қатар, нысанның ең биік жері шамамен 18 метр, ал рұқсат етілген биіктік 12 метрден аспауға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Алматы қаласының Мәслихатының шешімімен және әкімдіктің ұсынысы негізінде құрылыс ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілген болатын. Соның ішінде әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттар үшін 3 қабаттан аспайтын, жертөле қабатты қосқанда 12 метрден биік болмауы тиіс деген шектеулер бар.

Қазіргі уақытта Autograph ТҮК-нің құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылып, бір ай ішінде бұзушылықтарды түзету және нысанды рұқсат беру құжаттамасына сәйкестендіру туралы нұсқама берілді.

Айта кету керек, талаптарды орындамау сот талқылауларына, соның ішінде нысанның жартылай бұзылуына әкелуі мүмкін.

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 47 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" және басқа тұрғын үй кешендері толық немесе жартылай сүрілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: