1414 нөмірінен байланысқа шығуда: қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Фото: pexels
Электрондық үкімет порталы 2025 жылғы 26 қыркүйекте қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертумен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, соңғы кезде пошта, банк, байланыс операторы, мемлекеттік орган, техникалық қолдау немесе курьер қызметінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыратын алаяқтар көбейіп кетті.
"Алаяқтардың басты мақсаты - сіздің жеке деректеріңізге, аккаунттарыңызға, сондай-ақ, ақшаңызға қол жеткізу. Олар WhatsApp арқылы немесе телефон номеріне қоңырау шалып, өздерін пошта, банк, байланыс операторы, мемлекеттік орган, техникалық қолдау, мемлекеттік орган немесе курьер қызметінің қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Олар СМС-тегі кодты "тексеру", "мәселені шешу", "жеткізіп беру" сияқты сылтаулармен сұрауы мүмкін",- делінген ақпаратта.
Сіздің білуіңіз керек маңызды ақпарат:
- 1414-тен келген SMS-код пен ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды;
- Күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
- Бейтаныс адамдардың өтінішімен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз;
- Күмәндансаңыз — 1414 байланыс орталығына қайта хабарласыңыз.
Пайдалы байланыстар:
- 1414 – байланыс орталық,
- 102 – полицияға алаяқтық туралы хабарлау.
"Біз бизнес-аккаунттарды пайдаланбаймыз және мессенджерлерде (WhatsApp, Signal, Viber және т.б.) қолданушыларға хабарлама жібермейміз",- деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Түркістанда Кореяның жетекші университеті ашылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript