Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарды ескі схема бойынша жұмыс істейтін алаяқтардан сақ болуға шақырды

Қазақстандықтарды ескі схема бойынша жұмыс істейтін алаяқтардан сақ болуға шақырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 12:07 Сурет: freepik
"Қазпошта" АҚ (QazPost) қазақстандықтарды алаяқтардың торынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 22 шілдеде алаяқтықтың ескі схемасы Қазақстанда қарқын алып жатқаны белгілі болды. Бұл жолы кибершабуылдаушылар "Қазпошта" АҚ-дан дербек деректерді ұрлап, сол бойынша жалған хабарларын таратады. Мәтінде сізге сәлемдеме бар екендігі, алайда мекенжайдың толық болмауына байланысты, жеткізілім орындалмағаны жайлы жазылады. Сәлемдемені алу үшін, берілген сілтемеге өтіп, дербес деректерді толтыруды сұрайды.

"Егер сіздің телефоныңызға (белгісіз жіберушіден) сәлемдемеңіз келгені және жеткізу үшін толық мекенжай деректері жетіспейтіні туралы хабарлама келіп түссе, Қазпошта сайтына ұқсас күмәнді сайттарға (тауарды төлеу немесе жеткізу үшін) өту туралы өтінішпен сізді алдауы мүмкін",- деп хабарлады "Қазпошта" АҚ.

Егер сіз сәлемдемені күтіп отырсаңыз, оның мәртебесін сайтта немесе QazPost мобильді қосымшасында тексеруге болады.

"Ең бастысы банк картаңыздың нөмірін және CVV-кодын ешқашан ешкімге айтпағаныңыз дұрыс. Егер сіз күмәнді сайтта тауарға жеткізіліммен бірге төлем жасау туралы шешім қабылдасаңыз, онда сіз бұл шешіміңіз үшін өзіңіз жауапкершілік алатын боласыз". "Қазпошта" АҚ (QazPost)

Қазпошта хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен ғана жібереді. Қазпоштаның ресми веб-сайты - qazpost.kz (post.kz)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: