Қазақстандықтар желіде тараған Бурабайдың ауасына қатысты ақпараттан кейін дүрбелеңге түсті

Скала Окжетпес, скала Жумбактас, Государственный национальный природный парк Бурабай, Боровое, туристы, туризм, туристические места в Казахстане, природа Казахстана, развитие туризма, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 13:56 Фото: pexels
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Онда Бурабайдағы ауаның лас екендігі жайлы мәлімет жарияланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Авторлардың шетелдік ресурстарға сүйенгені белгілі болды.

"2023 жылы "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында заманауи метеостанция орнатылды. Бұл станция ауадағы РМ 2.5 ұсақ дисперсті бөлшектердің деңгейін де өлшейді. Әдетте, "ластанған ауа" туралы сөз қозғалғанда дәл осы бөлшектер туралы айтылады. 2024 жылғы өлшеу нәтижелері бойынша Бурабайда шекті нормадан асу жағдайлары тіркелген жоқ",- делінген ақпаратта.

Осылайша, ведомство ауаның санитарлық талаптарға сай екенін, денсаулыққа қауіпсіз екенін айтып өтті.

"2024 жылға қатысты кейбір жалған деректер расталмаған, сенімсіз көздерден алынған",- деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ, парк қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерден ақпаратты жарияламас бұрын оның дұрыстығын тексеруді сұрады.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі жылу беру маусымына дайындықты қатаң бақылауды тапсырғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: