"Жаңбыр жауып, күн суытады". Алматыда алдағы аптада ауа райы қандай болады
Сурет: unsplash
Жұмыс аптасы Алматыда тағы да жаңбырлы күндермен басталады, ал қалада күн райы суық болады. Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы күндерге арналған ауа райының алдын-ала болжамымен бөлісті.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаеваның айтуынша, оңтүстік астанада жылы және құрғақ демалыс күндерінен кейін алдағы дүйсенбіде жаңбыр жауып, температура біртіндеп төмендейді. Қыркүйектің соңғы күндерінде қалада жаңбырлы және салқын ауа райы қалыптасады, кейде таңертең тұман түсуі де мүмкін.
"Алдағы екі күнде Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 29-30 қыркүйекте қалада, негізінен күндізгі уақытта аздап жаңбыр жауады деп күтіледі. 1-3 қазан аралығында жауын-шашын аракідік болады. Бұлтты күндері облыстың тау бөктері мен таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: түнде +10...+15°C-тан +3...+ 8°C-ға дейін, күндіз +23...+28°C-ден +10...+15°C-ге дейін". Жетекші инженер-синоптик Баян Қанаева
Алматы бойынша 27 қыркүйек – 3 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:
- 27 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +24...+26°C.
- 28 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +25...+27°C.
- 29 қыркүйек: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +26...+28°C.
- 30 қыркүйек: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +21...+23°C.
- 1 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +11...+13°C.
- 2 қазан: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, тұман түседі. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +12...+14°C.
- 3 қазан: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, тұман түседі. Ауа температурасы түнде: +4...+6°C, күндіз: +13...+15°C.
Бұған дейін синоптиктер 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөлісіп, кейбір аймақтарда үсік жүретінін ескерткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript