Бірқатар оқушыларға негізгі пәндер бойынша жаңа оқулықтар таратылды: себебі айтылды

Школьные принадлежности, канцелярские товары, канцтовары, школа, учебники, ученики, школьники , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 10:25 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 29 қыркүйектен бастап, еліміздегі 34 пилоттық мектепте 2026–2027 оқу жылына арналған оқулықтарды апробациялау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жұмысты Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы қадағалайды.

Апробация 4-сыныпқа арналған – "Қазақ тілі", "Орыс тілі" (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), "Математика" (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), "Дүниетану", "Әдебиеттік оқу" және 7–10 сыныптарға арналған "Дүниежүзі тарихы", "Алгебра", "Қазақ тілі", "Химия", "Биология", "Физика", "География", "Құқық негіздері", "Шетел тілдері" (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқулықтарын қамтиды.

"Апробация жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген жекелеген пәндер бойынша оқулықтардың күшті және әлсіз тұстарын айқындауға, сондай-ақ мектептер үшін оңтайлы оқу материалын іріктеуге бағытталған. Ол оқулықтарды кең көлемде енгізбей тұрып, оқушыларға арналған ең сапалы және тиімді оқулықтарды айқындауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Абдрахманова.

Маңыздысы, апробацияға тек педагогтер ғана емес, оқушылар да қатысады. Бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.

Сондай-ақ сарапшы болуға өтінім бергісі келетін педагогтер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: