2026 жылдан бастап су беру бойынша келісімшарттар жаңа форматта жасалады

Водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 10:07 Фото: unsplash
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша "Қазсушар" РМК мен су пайдаланушылар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, бұл шара судың "көлеңкелі нарығына" тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр.

Қазіргі уақытта ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандыруға арналған арнайы биллинг жүйесін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін "Қазсушар" РМК су пайдаланушылармен электронды келісімшарттар жасайды, ал төлемдер екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асады.

Ведомство биыл қараша айында биллинг жүйесін пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отыр.

"Кімнің қанша су алғанын және қанша қаражат төлегенін біз нақты білуіміз керек. Ортада жүрген делдалды алып тастауымыз қажет. Келесі жылдан бастап барлық келісімшарт электронды түрде жүргізілуі тиіс. Төлемді де электронды түрде қабылдау қажет. Каналдың басында жүріп, шаруалардан ақша жинауды тоқтату керек", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: