Италия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасын табыстады
Сурет: akorda.kz
Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – "Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденін тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдемесінен белгілі болды.
"Еліміздің бұл жоғары наградасы Италиямен достық қатынасты нығайтуға үлес қосқан мемлекеттер басшыларына ғана беріледі. Сіздің әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуге және бейбітшілікті қолдауға бағытталған қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Италия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ұдайы атсалысып келе жатқаныңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сізге табысталып отырған бұл марапат біздің Республикамызға сіңірген еңбегіңіздің бағасы", – деді Италия Президенті.
Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың қолынан Италияның жоғары мемлекеттік наградасын алу зор мәртебе екенін жеткізіп, алғыс айтты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Италия президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript