Қазақстанға қандастардың көпшілігі қай елдерден келгендігі белгілі болды

Эмигранты, эмиграция, мигранты, миграция, иммигранты, иммиграция, приезжий, приезжие, репатриация, репатрианты, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 15:17 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 29 қыркүйекте 2025 жылы 9586 этникалық қазақтың тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғанын айтты. 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 157,6 мың этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан Қазақстанға келген қандастар негізінен келесі елдерден қоныс аударған:

  • 45,7% – Өзбекстаннан,
  • 41,8% – Қытайдан,
  • 4,6% – Түрікменстаннан,
  • 2,7% – Монғолиядан,
  • 2,6% – Ресейден,
  • 2,6% – басқа елдерден.

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,3%-ды және зейнеткерлер 9%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша15,4%-ы жоғары білімді, 29,7%-ы орта кәсіби білімді, 52,3%-ы жалпы орта білімді, және 2,6% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды:

  • Ақмола облысы,
  • Абай облысы,
  • Қостанай облысы,
  • Павлодар облысы,
  • Атырау облысы,
  • Батыс Қазақстан облысы,
  • Шығыс Қазақстан облысы,
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 467 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

  • бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде;
  • тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (58,9-ден 117,9 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 594 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 237 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Бұған дейін Ермек Көшербаевтың Сыртқы істер министрі ретіндегі алғашқы қадамдары туралы айтқандығын жазған болатынбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: