Қазақстанда тегін заң көмегін көрсету: өзгерістер енгізілді
Фото: pexels
Әділет министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі бұйрығымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін төлеу мөлшеріне және құқықтық кеңес беру, қорғау мен өкілдік ету, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындарды өтеу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған сәйкес, қорғау құқығы бар куә мемлекет есебінен тегін заң көмегін алу құқығы бар тұлғалар тізіміне енгізілді. Мұндай көмек көрсеткені үшін адвокаттарға мемлекет өтемақы төлейтін болады.
Атап айтқанда, тегін заң көмегіне мыналар кіреді:
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес (қылмыстық істердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстардан басқа жағдайларда) өтініштер, өтінімдер, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібімен татуласу туралы келісімдерді жасау;
- анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар, сондай-ақ апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарға қарсылықтар;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес (қылмыстық істердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстардан басқа жағдайларда) дауды (жанжалды) реттеу жөніндегі медиативтік немесе партисипативтік рәсімдер шеңберінде азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен жасалатын бітімгершілік келісімдер;
- қорғау құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның немесе аса ауыр қылмыстың салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесін қорғау мақсатында азаматтық талапқа қарсылық (пікір) білдіру.
Бұйрық 2025 жылғы 7 қазанда күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript