Қызыл кітаптан кейбір жануарларды шығару көзделіп отыр
Фото: wikimedia/Тимур Жансултан
Оның сөзінше, республика аумағында омыртқалылардың 835 түрі тіршілік етеді. Оның ішінде: сүтқоректілер – 178 түр, құстар – 489, бауырымен жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, балықтар – 104 және дөңгелекауыздылар – 3 түрі бар. Сондай-ақ шамамен 100 мыңға жуық омыртқасыз жануарлар кездеседі.
"Аңшылық нысандары болып саналатын 35 түр бар, оның ішінде 27 – терісі бағалы, 8 – тұяқтылар, сондай-ақ 59 құс түрі. Қазақстанда сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлардың тізіміне 227 түр енгізілген. Оның 132-сі – омыртқалылар, 96-сы – омыртқасыздар. Қазіргі уақытта Зоология институты дайындаған биологиялық негіздеме бойынша министрлік сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлардың тізімін Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО/МСОП) критерийлеріне сәйкес жаңарту жұмыстарын жүргізуде", – деді Шарбиев.
Атап айтқанда, 21 омыртқасыз жануарды (олардың жойылып кету қаупі жоқ болғандықтан) Қызыл кітаптан шығару, сондай-ақ 6 омыртқасыз жануарды (3 түр скорпион және 3 түр жәндік) және 5 омыртқалы жануарды (2 құс – сақалтай мен қара құмай, 2 кесіртке – Жоңғар және Тянь-Шань ящуркалары, 1 сүтқоректі – қамыстық мысық) қорғаудың ерекше мәртебесін беру үшін енгізу ұсынылуда.
Бұған дейін жануарлар әлемін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме ережелері жаңартылған болатын.