Қазақстанда қасқыр мен аюды атуға көбірек рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда қасқыр мен аюды атуға көбірек рұқсат берілуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 17:32 Сурет: pixabay
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шарбиев Сенаттағы брифингте Шығыс Қазақстан облысында аю, қасқыр және қабан санының көбеюіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада сенатор Тастекеев ШҚО-да бұл жануарлардың популяциясы күрт артқанын, оған өңірдегі елді мекен тұрғындары алаңдап отырғанын айтқан еді.

"Белгілі бір ауылдық округтерде малға шабуыл жасау деректері тіркелген. ШҚО-да қажет болған жағдайда санына реттеу жүргізуге, яғни атумен айналысуға құқығы бар арнайы ұйым бар. Қабандарға қатысты да осындай шара қолданылуы мүмкін. Қасқыр – реттелетін жануар. Қажет болған жағдайда лицензия беріледі және ату жүргізіледі. Жыл сайын есеп негізінде лимиттер бекітіледі. Соған сәйкес, аңшылар қауымдастықтары атудың лицензиясын береді", - деді Шарбиев.

Ол сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы аюлардың шамамен қанша екеніне тоқталды.

"Аю популяциясының жыл сайынғы өсуін шамамен 50% деңгейінде бағалап отырмыз. ШҚО-дағы аюлар Қызыл кітапқа енбеген, олардың саны шамамен 4,5 мыңдай", - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол келесі жылы аюларды атуға көбірек лицензия берілуі мүмкін екенін растады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 25 қыркүйекте Сенат депутаты Қайрат Тастекеев жабайы жануарлар популяциясының көбеюі мәселесін өз сауалында көтерген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: