Алматыда көлік қозғалысын шектеуі мүмкін бе
Сурет: Zakon.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2026 жылғы 11 наурызда Мәжіліс кулуарында Алматыда көлік қозғалысын жұп және тақ күндер бойынша шектеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Нысанбаев ауа сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарға тоқталды. Соның ішінде көліктердің жүруін "жұп – тақ күн" жүйесі бойынша шектеу мәселесі де қарастырылып жатқанын айтты.
"Жыл басында біз Экология министрлігінің қызметкерлері, экология саласындағы сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құралған үлкен топты Қытайға жібердік. Ол жақта 10-15 жыл ішінде қалалардың экологиялық жағдайын жақсартуда елеулі нәтижелерге қол жеткізген. Көлік пен өндірісті газға көшіру, қалалық қоғамдық көлікті газ және электр энергиясына ауыстыру сияқты жедел шаралар қабылданған. Сол шаралардың бірі – автокөліктер қозғалысын жұп және тақ күндер бойынша реттеу", – деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, Бейжің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан қалаларында да қоршаған ортаны қорғау ережелерін әзірлеу ұсынылған.
"Алматыдағы ауаның ластануына негізгі себеп автокөліктер болып отыр. Қазір мегаполисте шамамен 748 мың көлік тіркелген. Күн сайын қалаға қосымша 400 мыңға жуық автомобиль кіреді. Қарасақ, қала маңы тұрғындарының басым бөлігі Алматыда жұмыс істейді. Ал жолаушыларды тасымалдаудың бір бөлігі такси арқылы жүзеге асады. Сондықтан мұндай шаралар басқа да кешенді қадамдармен бірге экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етуі мүмкін", – деп атап өтті экология министрі.
Алайда көліктердің қозғалысын жұп және тақ күндер бойынша шектеу механизмі нақты қалай жұмыс істейтіні әзірше белгісіз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript