Қызылордада тергеу изоляторына насыбай өткізбек болған әйел ұсталды

Қызылордада тергеу изоляторына насыбай өткізбек болған әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 18:41 Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде тыйым салынған затты ішке кіргізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында қамауда отырған азаматтың анасы ұлына жасырын түрде насыбай жеткізбек болғаны анықталды.

Белгілі болғандай, ол тыйым салынған затты төстартқышына жасырып алып келген. Ұлы қазіргі уақытта тергеу изоляторында қамауда отыр.

Аталған зат бақылау-өткізу пунктінде орнатылған рентген аппаратының көмегімен табылды.

Оқиға бойынша азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес іс-құжаттар рәсімделіп, сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: